РЕДАКЦИЯ ТӨСБЕЛГІЛЕРІ

Көпшілікке қызмет етуші ұжымдар бір жылдық қызметтің қорытындысын жасайды. Жылдық қорытындыда белгілі мерзімде үздік болып танылған қызметкерлерді марапаттау жүргізіледі. Бұл марапаттау ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі. Әрине көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі қызметкер үшін ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.

Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау жүргізуі өмірлік талап. Сондықтан, Республикалық 45minut.kz, bilimnur.kz басылымдары ұстаздарға қызмет ететін редакция және ұстаздарды БАҚ бағытындағы шығармашылық еңбектерін бағалай алады.

Ұстаздардың кәсіби және ұстаздық қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім бөлімдерінің еншісінде.

Ұстаздар үшін “Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз” және “45minut.kz-Pressa” төсбелгілері әзірленді. Төсбелгі алатын ұстаздарды білім бөлімдері, білім мекемесі басшылары және ұстаздар ұжымы ұсынып лайықты деп таныды. Біз де редакция атынан төсбелгілерді әзірлетіп, лайықты ұстаздарды марапаттаймыз.