Қолөнер

Атырау қаласы
Ф.Досымова атындағы №12 ортамектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тауекелова Раушан Сағынғалиқызы
|
1-апта |
3-күн 3-сабақ |
Тауекелова Р.С |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қолөнер |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сілтеме |
Қазақ тілі 9-сынып, Алматы «Мектеп» 2005ж. «Қазіргі қазақ тілінен жаттығулар жинағы», Қ.Шәукен , А.Макеев, Атырау, 2006ж. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мақсаттар |
Оқушылар лексикалық тақырыпты еске түсіре отырып, Өткен ғасырда өмір сүрген қазақ ұсталарымен зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, Өйткені осынау киелі халқымыздың қолынан шыққан осы бір өнер туындылары сан алуан қырымен, жасалу шеберлігімен , құндылығымен қазақ халқының ұлттық байлығын , ұсталық , зергерлік кәсібінің бірегей , ерекше дәстүрін оқушыларға ұғындыру.
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Оқыту нәтижесі |
Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып,ойларын еркін жеткізеді.Оқушылар мәдениетті, дұрыс сөйлеуге жаттығады. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Негізгі идеялар |
Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Тапсырмалар |
1.Мәтінмен жұмыс,сөздік жұмысы 2.Талдау – табыс кілті. 3.Жұмбақ сөз. 4.Оқулықпен жұмыс. 5.Тест тапсырмасы. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Кейінгі тапсырмалар |
Рефлексия |
||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||
|
2 минут
1 минут
6 минут
12 минут
9 минут
5 минут
2 минут
5минут
2минут
1минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (алдын-ала оқушыларды 3 топқа –түстер бойынша бөлемін). Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.Бағалау көрсеткішімен таныстыру.
Ортақ бағалау парағы
Жалпы бағалау критерийлері: 1. Өткен сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап беруі; 2.Мәтіннің дұрыс аударылуы; 3. «Жұмбақ сөз»,тест тапсырмасының дұрыс орындалуы. 4. Жазба тапсырманың дәлдігі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 1) Сөйлемнің грамматикалық негізін қай мүшелер құрайды? 2) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы неде? 1.Ой қозғау. Өнер түрлеріне байланысты суреттер көрсету арқылы баланың білгенін ортаға салу. 1.Білу. А) Мәтінді толық оқу. Ә) Аудару Б)Сөздік жұмысы. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен,қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден,мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды. 1.Сөздік жұмысы 2.Мәтіндегі сөздерге түсінік беру.
2. Түсіну. 2.5.1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер, оларға сөйлем құра. 1.Ағаштан жасалатын бұйымдарды ата. 2.Жүннен жасалатын бұйымдарды жаз. 3.Металдан жасалған бұйымдарды жаз. 4.Саздан жасалған бұйымдарды ата. 3.Қолдану. Жаттығу жұмысы. Сөйлеу үлгісі: алдымен…..түтеді ; түрлі…..бұйымдар бар; ….керемет екен; …. араладым; …жабдықтары;ұлттық …. ; зергерлік ….араладым; … бұрын көрмеппін; … көргім келеді.; аспаптар …;… құмыра жасайды. 4.Талдау.Асты сызылған сөздерді құрамына қарай талда. Абылайша- керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.Ертеде теріден бұйымдар жасаған.Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады.
2) Жұмбақ сөз. Ағаш кессең … кес, ұзартуың оңай. Сабақты .. сәтiмен. Қолынан келген … басады. Саусағы ұзын – …болар,құлағы үлкен – күйшi б…
Өнерлiнiң… ұзақ. Жетi рет … , бiр рет кес.. (Әр топ берілген тапсырмамен танысып, ойланып, жұппен ақылдасып, топта талқылайды). 5.Жинақтау. Тест тапсырмасы.(Әр топқа тест тапсырмасы үлестіріледі,орындап болған соң әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді) 1) Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісі. а) қос нүкте; b) сызықша; c) үтір; d) көп нүкте 2) Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. а) Сәуле кеше келді. b) Ол шешесіне хат жазды. c) Сымбат – үлгілі қыз. d) Баласы тиянақты екен. 3) Қимыл-сын пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. а) Асқар төрге қарай барды. b) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. c) Жарқын кеше үйіне барып қайтты. d) Ерте тұрып, кеш жат. 4) Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз. а) Көрмес – түйені де көрмес. b) Көрмес – түйені де – көрмес. c) Көрмес түйені де көрмес. d) Көрмес түйені де – көрмес. 5) Берілген сөйлемдегі анықтауышты табыңыз: Анар- сыныптағы үлгілі қыз. а) Анар b) сыныптағы c) үлгілі d) қыз. Сабақты қорытындылау. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Бағалау. Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.
Үйге тапсырма беру. Өнердің маңызы туралы шағын мәтін жазу.
|
Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.
Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.
Оқушылар жалпы бағалау критерийлерімен танысады.
Содан соң әр топтың алдына тапсырмалардың критерийлері таратылады.
Оқушылар өткенді еске түсіріп сұрақтарға жауап береді
Оқушылар мәтінді оқып,мәтін мазмұнымен танысады.Сөздік жұмысын жүргізеді.Содан соң мәтінді орыс тіліне аударады.
Оқушылар берілген тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар сөйлеу үлгісі бойынша шағын әңгіме құрастырады.
Оқушылар асты сызылған
сөздерге сұрақ қояды, сөйлем
мүшесіне талдайды.
Көп нүктенің орнында жасырылып тұрған сөзді топпен талқылап,ақылдасып тауып,2тілге аударады.(орыс және ағылшын тілдеріне)
Тест тапсырмасын орындайды,орындап болған соң бір-бірінің тапсырмаларын дұрыс жауап парағымен тексереді.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар өздеріне өздері баға береді.
Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады.
|
|||||||||||||||||||||||||
Интернетке хабарлау:
Filed under: Қазақ тілі








