Сайтқа сабақ жіберу үшін: 45minutkz@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 777 087 6843. 8 775 730 7965 (Редакция)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 аралығында хабарласуынызға болады.

  • Cертификат Тапсырыс
  • АКЦИЯ-2013
  • Электронды нұсқа (PDF)
  • Cайт ережесі
  • Сайтпен жұмыс істеу нұсқаулығы
  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • RSS
   Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, төмендегі іздеу формасына сөз жазып іздеу керек:

БАҚ өкілі – Методист

2013 жылға Республикалық басылымға жұмысқа шақырамыз:
БАҚ өкілі – Методист - Тілші

Cабақтар тізімі

  • "Арманы асқақ оқушы" байқауы
  • "Интернет сұхбат"
  • "Мектептегі бір мезет" бәйгесі
  • "Семинар оқулар"
  • "Топтамалар"
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған
  • Авторлық бағдарлама
  • Адам және қоғам
  • Адам. Қоғам. Құқық
  • Алгебра
  • Алтын күз
  • Алғашқы қоңырау
  • Арнаулы пәндер
  • Ас мәзірі
  • Астана
  • Аттестатталу материалдары
  • Ашық сабақтар
  • Ағылшын тілі
  • Ақпараттық мәдениет негiздерi
  • Ақша Несие Банктер
  • Ақылы жарнама
  • Білім беру саласы
  • Бастауыш сынып
  • Баяндамалар
  • БАҚ өкілі-Тілшілер
  • Бейнелеу
  • Биология
  • Бәйге – Конкурс
  • География
  • Геодезия
  • Геометрия
  • Дене тәрбиесі
  • Дүние жүзі тарихы
  • Дүниетану
  • Емтихан билеттері
  • Емтиханға арналған тест сұрақтары
  • Ертегілер
  • Жаратылыстану
  • Жаңа жылдық қойылым
  • Жаңа сабақтар
  • Жаңалықтар
  • Жеке хабарландырулар
  • Жол ережесі
  • Жылдық сабақ жоспары
  • Жылдық сабақ жоспары Информатика
  • Зерттеу жұмыстары
  • Интернет сұхбат
  • Информатика
  • КВН
  • Математика
  • Мақал- мәтелдер
  • Мақала
  • Мектеп балабакшасы
  • Мектеп Газеті
  • мектепке даярлық тобы
  • Мектепке дейінгі ұйым
  • Мектептен тыс үйірмелер
  • Менің Елбасым
  • Менің Қазақстаным
  • Мерекелік қойылым
  • Музыка
  • Мұнай және газ шыңырауларын пайдалану
  • Наурыз мерекесі
  • Неміс тілі
  • несие
  • Очерк
  • Оқушылар шығармашылығы
  • Пайдалы кеңестер
  • Педагогика
  • Психология
  • Реферат
  • Русский язык и литература
  • Сайыс сабақ
  • Салықты жоспарлау
  • Сауат ашу
  • Соңғы қоңырау мерекелік кешінің сценарийі
  • Сызу және бейнелеу пәні
  • Сыныптан тыс жұмыстар
  • Тіл дамыту
  • Тарих пәні
  • Тақырыптық жоспар
  • Тест сұрақтары
  • Тест сұрақтары. Биология
  • Технология
  • Токарь (қырнаушы) мамандығы бойынша өңдірістік оқыту
  • Тренинг сабақ
  • Түсінік хат
  • Тәрбие сағаттары
  • Физика
  • Физиология
  • Филология (тілдер)
  • Хабарландыру
  • Химия
  • Химиядан конференция сабақ
  • Экономика
  • электр
  • Электротехника
  • Эссе
  • Ғылыми жобалар
  • Қазақ тілі
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Қоғамтану негіздері
  • Қыздар жиналысы
  • Құттықтаулар
  • Құқықтану
  • ҰБТ
  • Әдеби сазды кеш
  • Әліппемен қоштасу
  • Әскери дайындық
  • Әңгіме
  • Өзін-өзі тану пәні
  • Өзіндік білім көтеру жоспары
  • Өлеңдер
  • Өлкетану
  • Өндірістік оқу шебері

Соңғы қосылған сабақтар тізімі

  • Ең сүйіп оқыған шығармаларым жайлы бір үзік сыр
  • Оқушының ермегі атты әңгімесі
  • Адырбек атамызға
  • Ынтымақ түбі – береке
  • Б.Момышұлының Ұшқан ұя туындысындағы тәлім-тәрбие көрінісі
  • Домбыра-қазақ халқының ұлттық аспабы
  • Түлкі мен қырғауыл
  • Допты алып жүру
  • Наурыз жыл басы
  • Квадрат теңдеулер. (Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы. Виет теоремасы тақырыптарын қорытындылау
  • Төртбұрыштар
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
  • Құстар біздің досымыз
  • Жақсы сөз-жанға қуат
  • Салауаттылық-өмір салты
  • Қазақ музыкасының дамуы
  • Microsoft Excel Кестенің құрылымы Кестенің элементтері жол, баған, ұяшық
  • Microsoft Excel кестенің құрылымы Кесте элементтері жол баған, ұяшық
  • Қазақ тіліндегі стильдер туралы
  • Мен және менің отбасым
  • Егеменді елдің бақытты отбасы
  • Қағаздан гүл жасау
  • Ел рәміздері.
  • Денсаулық – зор байлық
  • Туған тілім
  • Туған тілім
  • Ел болу тарихымыздан. Қазақстан халқы
  • Аққұс туралы аңыз
  • Күлпаш
  • Бастауыш сыныптарда интерактивті оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты құзыреттілігін арттыру жолдары
  • БІЛІМ САПАСЫН АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ
  • Оқытудың интерактивті әдістері
  • Қоғамның бүгінгі басты мақсаттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру
  •  Қоғам.Отбасы.Отбасы мүшелері
  • Менің Қазақстаным -  менің болашағым!
  • Сан есім
  • Обал мен сауап
  • Жеңіс күні.Т.Молдағалиев
  • Табиғатым аң-құсымен ажарлы
  • Еңбек-бәрін жеңбек
  • Отбасы және туған – туыстар
  • Ақбидай Ө.Қанахин
  • Ата-анаң – алтын тұғырың
  • Қазақстан қалалары
  • Қазақстан халқы
  • Біздің Отанымыз-Қазақстан
  • Ұшқыш болғым келеді
  • Қазақ тіліндегі стильдер туралы
  • Өткеріп сан жылды ұшырған түлегін
  • Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу әдістеріне есептер шығару
  • Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу.
  • Азаматтық құқықтың обьектілеріне және субьектілеріне қатысты мәселелер
  • Ю дыбысы, әрпі
  • 3 санын қосу және азайту
  • Жер беті қалай өзгереді
  • Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
  • Ер есімі ел есінде
  • Жасөспірім және зиянды әдеттер
  • Сыңғырла, соңғы қоңырау
  • Жеңді модельдеу
  • Құрақ түрлері және жасалу жолдары
  • THE INTELLECTUAL SHOW LEADER OF THE XXIST CENTURY
  • Сөз таптары
  • Айналайын ақ Анам
  • Ал кәнеки, балалар
  • Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жолдары
  • Етістік
  • Ізгілік іздеп келемін
  • Қайсарлық пен батылдық
  • Мүсінші мысық
  • Қанша Кем ?+3, -3
  • Қосу және азайту 27+3 және 30 – 7
  • Дарабоз Қ. Жұмаділов
  • ТАМЫЛЖЫҒАН КҮЙ ЕКПІНДІ ҚАЙТАЛАУ
  • Қонақ күту Күрделі зат есім
  • Білім беру жүйесін жаңартуда мұғалім құзіреттілігін дамыту
  • Қазақтың келі келсабы
  • Есіміңді құрметте
  • Салауаттылық – өмір салты
  • Механикалық энергия және сақталу заңы
  • Достаса білейік
  • Менің ең қымбатты адамдарым әкем мен анам
  • Отбасы-тәрбие бастауы
  • Күз
  • Төрт түліктің кеңесі
  • Көше ережесін білесің бе
  • Абай. Жазғытұры. І. Жансүгіров. Жазғытұрым
  • Ұлы Жеңіске -65 жыл
  • Су. Табиғаттағы су айналымы
  • Алтын сақа
  • Көше ережесін білесің бе
  • Kazakhstan is My Country
  • Наурыз жыл басы
  • Литературная викторина Путешествие в мир сказок
  • Санды көбейтіндіге бөлу
  • Қосудың терімділік қасиетіне есептер шығару
  • Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын дамыту
  • Sport in Britain and in Kazakhstan
  • Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы
  • Трансформатор

ИНТЕРНЕТ ТВ

Сабақ іздеу

Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, "Поиск" формасына сөз жазып іздеу керек.

Cабақ жариялау үшін

Сабақтарды жариялау ақысыз. Сабақтарды 45minutkz@mail.ru жіберу керек немесе Нұсқаулық

Сертификат тапсырыс

Сертификат тапсырыс туралы толық ақпарат: Тапсырыс парағы

Жазылу – 2013 – Подписка

«Республикалық 45minut.kz газетіне» «КазПочта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жазылуға болады.
ИНДЕКС: 64470 немесе Акция - 2013

Сайт қызметі

  • Кіру

  • Құпия сөзіңізді жоғалттыңыз ба?

Басылым қызметтері

  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • АКЦИЯ-2013
  • «Мектептегі бір мезет» бәйгесі
  • «Арманы асқақ оқушы» байқауы
  • «Интернет сұхбат»
  • «Семинар оқулар»
  • «Топтамалар»
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • Ақылы жарнама
  • Жеке хабарландырулар

Маңызды ақпарат

1. Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) жауапкершілігі тең
2. Батыр Маханбетажиев: Енді интернетте әркім өз сөзіне жауап береді
3. Кәмшат ТАСБОЛАТ. Интернет-ресурстар БАҚ-қа теңестірілді

RSS Ақылы жарнама

  • «Балдәурен балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметшінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды
  • Бос жұмыс орындарына конкурс
  • «Алтын ұя балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Бөбек балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Балдырған балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Жаңалықтарға жазылу

E-mail жазыңыз:

FeedBurner қызметі негізінде

Ссылки

  • Білім беру мониторингі
  • Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
  • Физика мұғалімдерінің сайты
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
  • ҚР Бiлiм және ғылым министрi блогы
  • Ұлттық тестілеу орталығы

RSS www.edu.gov.kz

  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған

RSS Национальный центр тестирования

  • Обучающий семинар для разработчиков и экспертов тестовых заданий
  • Статистические данные о предстоящем едином национальном тестировании 2013 года
  • Эксперты КАЗТЕСТ провели семинар-совещание для преподавателей и методистов казахского языка
  • Государственные и гражданские служащие Актюбинской области сдали тестирование на определение уровня владения государственным языком
  • Завершение приема заявлений на участие в едином национальном тестировании 2013 года
  • Внешняя оценка учебных достижений в организациях общего среднего образования и в экспериментальных школах по 12-летнему образованию
  • Проведено тестирование по системе КАЗТЕСТ среди государственных служащих города Атырау и районов Атырауской области
free counters

Мұрағат – Архив

Мамыр (2013)
Д С С Б Ж С Ж
« Сәу    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Яндекс.Метрика
08.09.2012

Қазақ халқының салт- дәстүрлері

Редактор

Атырау облысы Атырау қаласы
№19 Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Избасова Айтжан

Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрлері

Мақсатым:1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:

1-оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2-оқушы:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

3-оқушы:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

 

Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазына»атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.

 

Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Оқушы. Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби келді.

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады екен?

Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік

( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)

Оқушы:Енді дүниеге келген баланы бесікке салу әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу»рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты. (Бесікке салу)

Оқушы:Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көрген тон пішер, әкеден көрген оқ жонар»демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп,тоқыма тоқып,көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде.Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?

Оқушы: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.Жүр қалып қоймай соны тамашалайық.( «тұсау кесу» рәсімі)

Әже: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,Тұсауыңды кеселік,

Кірмеуіңді шешелік,-деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.

Оқушы:

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Батамен ел көгереді,

Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға аталарымыз батасын берсін.

Оқушы: қарашы ана жақтада қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді.Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді.қыздар, бұл ойнап жатқан ойындарын қандай ойын , қалай атайды?( « бес тас»ойыны түсіндіреді)

Оқушы: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ

Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

15-сұрақ

Төрт қымбат не№

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

22-сұрақ

Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ

Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.

24-сұрақ

Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ

Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі.

 

Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ

Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ

Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

28-сұрақ

Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Киюсіз қалған бөз-жетім.

Иесіз қалған жер-жетім.

Басшысы жоқ ел-жетім.

Аққу-қазсыз көл –жетім.

Елінен айырылған ер -жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

Оқушы

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?

1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3. – «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.

5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9. – «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.

10. – “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!

2-жүргізуші: Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мэні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген боларсыздар.

1-жүргізуші: Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак- кәде деген бар. Олай болса сергіту сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мы на үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшцанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бэйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, езмыц өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

  1. Мал… жер…

(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)

  1. Тентек… акыл…

(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)

  1. Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

  1. Мысык… тышқан…

(Мысыцца ойын керек, тышцанга өлім керек)

  1. Мектеп… білім…

(Мектеп – кеме, білім — теціз)

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты – заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дэстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!

 

Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы – бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

Ұлттық қадір-қасиеттер - ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.

Қазақ халқы өз үрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.

Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақ- жайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық т.6.

Әдептілік – әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік – әдемілік” дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік – ізеттік, кішіпейілдік, кішілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі – аттергеу, кісіге қосымша ат кою.

Аттергеу – бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, күрметтеу, қадір түту: “Ақ бөпем”, “Үкім”, “Тэмпіш танауым” т.б.

Балалар да жанындай жақсы көргендерін “Ақ әжем”, “Мырза әжем”, “Аппақ апам” деп атаған.

Қазақ эйелдері кайыны, қайын сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, “Ак жігіт”, “Сал жігіт”, “Еркежан”, “Шырайлым” т.б.

Қонақжайлылың. Меймандостық – ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді түрлерінің бірі. Қазак меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері түрған. Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі түрмысы. Ен далада кең жайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.

Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі – ең дэмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мэн берген. Сыйластық осы дэм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.

Дэм тату дәстүрлері: ерулік, көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.

Қонақжайлылық, сыйластық салтын бүрынғы ата- бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нүр үстіне нүр болар еді.

Бауырмалдылың. Адамгершілік қасиеттің айрықша бір көрінісі – бауырмалдылық. “Бала бауыр еттен жаралған”, қазақтың бауырмалдылығы баланы әлпештеуден, баланың ата-анасын құрметтеуінен байқалады.

Халқымыздың бауырмалдық сияқты атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті Қүран-Кэрім кағидаларымен де үштасып жатыр. Осы қасиетті кітап адам баласының бір-біріне жат емес, барлық адамзат баласының дос, бауыр екенін айтады. Олай болса “Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз бәріміз” деп халықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас үрпақты бауырмалдылыққа баулуымыз қажет. .

Қайырымдылың. * Халық өз үрпағына қайырымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы, оны түрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.? Қайырымдылықты кей жағдайда кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа беру арқылы үштастырған. Адам өміріндегі ең игі істің бірі – қаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала- шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі – қайырымдылықтың қайнар көзі. Халқымыз өте жоғары бағалаған қасиеттердің бірі – кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген, үлгі түтқан. “Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік, кішіпейілділік – кісілік көркі”, “¥лық болсаң кішік бол” т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалыкты қастерлегендігін айқын байқатады. Тәрбиелі адам тағалаған аттай өмірдің небір тайғақ қияларынан қиналмай өткен.

Халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Халқымыздың салт- дэстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дэстүрлерін жалғастырушы – мына отырған жеткіншектер, сендер.Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай ұлттық мэдениетіміздің өркендеуіне өз үлеетеріңді қоса отырып, егеменді еліміздің жалынды жастары екендіктеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте табыстан табысқа жете беріңдер. /

Адалдық - адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.

Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз – жаны, жүрегі таза болу деген сөз.

Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.

Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы – мэңгілік.

Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.

Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол – тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.

Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу - қолында тасы не басқадай қаруы

жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті, “Міне, көрдің бе, қолымда дэнеңе жоқ” деп оң қолды көтеріп сэлемдесу, “Сенбесең алақанымды үстап көр” деп оң қолды үсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды үсыну қару үстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластық ниетінің жоктығын аңғартады.

Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-қүлық ережесіне айналған,

Қазақ халқында амандасуға айрықша мэн беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бүрын амандасады.

Ассалаумағалейкүм (Алланың нүры жаусын!) – амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).

Уағалайкүмассалам! (Саған да Алланың нүры жаусын!) (сәлем алу).

Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі.

Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлем беру.

Сэлемдесу немесе сэлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. Қатар қүрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбіне сэлемдесу дейміз.

Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бүрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу - менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.

Төс цагыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген қүрметті білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.

Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.

Иіскеп амандасу-қ ариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.

Маңдайдан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жүрттың бэріне ортақ

бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.

Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары жарасымды,

Уәдеде тұру - адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімі сөзін бүлжытпауынан, берген уэдесінде түруынан қалыптасады. Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды. Ал сенім – бірлесіп атқарылатын кез келген істің, кез келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға келісім берерде алдымен ойланып алғаның абзал.

Уәдеде тұру адамның өз-өзіне сенімін арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жүртқа қашанда сыйлы болады. Халқымызда f “Уәде – құдайдың ісі” деген мэтел бар. Ол берілген уэдені қалайда орындау керектігін меңзейді. Уэде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уэдеде тұру – ер жігіттің ісі.

Уәдеде тұруға үмтылу – балалардың өзін- өзі тэрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік, өзгелерге жэне өзіне қүрмет сезімдерін қалыптастырады. \

Қолынан келе ме, келмей ме ойланбастан “Мен мына істі қатырамын” деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады. Жүрт “Е, соны койшы, жүрген бір бөспе” деп теріс айналады.

Сондықтан бірден уэде беруден бүрын адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн. Қолынан

келмейтін болса, бірден бас тартқаны жарасымды.

Уәдеде тұрмау адамды аздырады. Айналандағылардың сенімін кемітеді. Адамдық, азаматтық бейнесіне нұқсан келтіреді. Жүрттың мазағына айналады.

Бұл орайда “мұра” деген қасиетті үғымға тоқталмай кетуге болмайды. Өйткені ата-бабаларымыздан біздерге калган барлық құндылықтар – мұра, аманат. Біз – бүл құндылықтардың мұрагеріміз, олай болса олардан аманат қып алған бұл мұраларға қиянат жасауға еш қақымыз жоқ.

/ “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген мэдениетіміз, тіліміз, дініміз – осының бәрі халық мұрасы.

Бір ғажап қазына – азаматтық парасат, тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.

Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері

1-халық мүрасының асылы, үлттық мақтанышы. Біз

осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың осы күнгі мұрагеріміз.

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:Қазақ халқының салт-дәстүрлері

 

Интернетке хабарлау:

In My World
Share to FB
Tweet

Filed under: Бастауыш сынып



One Response to “Қазақ халқының салт- дәстүрлері”

  1. Уябаева П.М. Says:
    Наурыз 1st, 2013 at 18:09

    сынып сағатыныз өте мазмұнды

Сабақ, мақала туралы пікір жазып, ойыңызды жазыңыз:

© 2013 www.45minut.kz | Template by DemusDesign | WordPress by Free WordPress Themes