Сайтқа сабақ жіберу үшін: 45minutkz@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 777 087 6843. 8 775 730 7965 (Редакция)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 аралығында хабарласуынызға болады.

  • Cертификат Тапсырыс
  • АКЦИЯ-2013
  • Электронды нұсқа (PDF)
  • Cайт ережесі
  • Сайтпен жұмыс істеу нұсқаулығы
  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • RSS
   Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, төмендегі іздеу формасына сөз жазып іздеу керек:

БАҚ өкілі – Методист

2013 жылға Республикалық басылымға жұмысқа шақырамыз:
БАҚ өкілі – Методист - Тілші

Cабақтар тізімі

  • "Арманы асқақ оқушы" байқауы
  • "Интернет сұхбат"
  • "Мектептегі бір мезет" бәйгесі
  • "Семинар оқулар"
  • "Топтамалар"
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған
  • Авторлық бағдарлама
  • Адам және қоғам
  • Адам. Қоғам. Құқық
  • Алгебра
  • Алтын күз
  • Алғашқы қоңырау
  • Арнаулы пәндер
  • Ас мәзірі
  • Астана
  • Аттестатталу материалдары
  • Ашық сабақтар
  • Ағылшын тілі
  • Ақпараттық мәдениет негiздерi
  • Ақша Несие Банктер
  • Ақылы жарнама
  • Білім беру саласы
  • Бастауыш сынып
  • Баяндамалар
  • БАҚ өкілі-Тілшілер
  • Бейнелеу
  • Биология
  • Бәйге – Конкурс
  • География
  • Геодезия
  • Геометрия
  • Дене тәрбиесі
  • Дүние жүзі тарихы
  • Дүниетану
  • Емтихан билеттері
  • Емтиханға арналған тест сұрақтары
  • Ертегілер
  • Жаратылыстану
  • Жаңа жылдық қойылым
  • Жаңа сабақтар
  • Жаңалықтар
  • Жеке хабарландырулар
  • Жол ережесі
  • Жылдық сабақ жоспары
  • Жылдық сабақ жоспары Информатика
  • Зерттеу жұмыстары
  • Интернет сұхбат
  • Информатика
  • КВН
  • Математика
  • Мақал- мәтелдер
  • Мақала
  • Мектеп балабакшасы
  • Мектеп Газеті
  • мектепке даярлық тобы
  • Мектепке дейінгі ұйым
  • Мектептен тыс үйірмелер
  • Менің Елбасым
  • Менің Қазақстаным
  • Мерекелік қойылым
  • Музыка
  • Мұнай және газ шыңырауларын пайдалану
  • Наурыз мерекесі
  • Неміс тілі
  • несие
  • Очерк
  • Оқушылар шығармашылығы
  • Пайдалы кеңестер
  • Педагогика
  • Психология
  • Реферат
  • Русский язык и литература
  • Сайыс сабақ
  • Салықты жоспарлау
  • Сауат ашу
  • Соңғы қоңырау мерекелік кешінің сценарийі
  • Сызу және бейнелеу пәні
  • Сыныптан тыс жұмыстар
  • Тіл дамыту
  • Тарих пәні
  • Тақырыптық жоспар
  • Тест сұрақтары
  • Тест сұрақтары. Биология
  • Технология
  • Токарь (қырнаушы) мамандығы бойынша өңдірістік оқыту
  • Тренинг сабақ
  • Түсінік хат
  • Тәрбие сағаттары
  • Физика
  • Физиология
  • Филология (тілдер)
  • Хабарландыру
  • Химия
  • Химиядан конференция сабақ
  • Экономика
  • электр
  • Электротехника
  • Эссе
  • Ғылыми жобалар
  • Қазақ тілі
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Қоғамтану негіздері
  • Қыздар жиналысы
  • Құттықтаулар
  • Құқықтану
  • ҰБТ
  • Әдеби сазды кеш
  • Әліппемен қоштасу
  • Әскери дайындық
  • Әңгіме
  • Өзін-өзі тану пәні
  • Өзіндік білім көтеру жоспары
  • Өлеңдер
  • Өлкетану
  • Өндірістік оқу шебері

Соңғы қосылған сабақтар тізімі

  • 6 санын қосу және азайту
  • Ж дыбысы мен әрпі ж әрпін жазу
  • Есептер шығару
  • Озық ойлы оқушылар
  • К к дыбысы мен әрпі
  • Интернет бүкіләлемдік анықтама бүкіләлемдік кітапхана
  • Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
  • Математика еліне саяхат
  • 9 санының құрамы
  • Жақсыдан үйрен жаманнан жирен
  • Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
  • Интернет бүкіләлемдік анықтама бүкіләлемдік кітапхана
  • Қасым Аманжолов. Өмірі мен шығармашылығы
  • Жаз. Жазғы адамның еңбегі
  • Н дыбысы мен әрпі
  • Н дыбысы мен әрпі
  • Сабақтың түрлері, құрылысы
  • ТАЗАЛЫҚ – ЖАНҒА ДАУА
  • 8 наурыз Анашым ән арнаймын өзіңе
  • Уақыт Сағат
  • Ән аға Шәмші аға
  • Ана тілің арың бұл
  • Дауыссыз дыбыстарды қайталау
  • Етістіктерді қайталау
  • Туындыны қолдану (алгебра, 10-сынып)
  • Теңдеулер тақырыбын қайталау. (алгебра, 8-сынып)
  • М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» (8-сынып, әдебиет)
  • Туындыны қолдану (алгебра, 10-сынып)
  • ХХІ ғасыр көшбасшысы
  • Ең үздік актерлер
  • Ішкі энергия
  • МКТ-ның негізгі қағидалары және оларды тәжірибелік негіздеу
  • Биология әлемінде
  • Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
  • «Өмірді тану- өзіңді танудан басталады» `
  • Адам еңбекпен шыңдалады
  • Әртүрлі ортадағы электр тогы
  • «Өмір, қымбатсын маған»
  • §16. Теңіз балдырлары
  • Ұлттық өнер-тәрбие негізі
  • «Бояулар сыры»
  • Дулат Исабеков «Ата үміті». Мәтінді талдау. (әдебиет, 6-сынып)
  • Сыр сұлуы(Би байқауы)
  • Ыстық сусындар
  • Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі.
  • Мақтанышым туған ел, Қазақстан!
  • «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»
  • Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы» өлеңі (әдебиет, 5-сынып)
  • Аманат бір өзіңе жырым, сырым!
  • Қорқыт ата кітабы
  • Жерлес ақын Б. Тәжібаевқа арналған «Туған жер өзің дегенде….» атты әдеби – сазды кеш
  • М.Дулатов « Шешенің балаларын сүюі »
  • А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»
  • Бердібек Соқпақбаев « Менің атым Қожа»
  • Дулат Исабеков «Ата үміті». Мәтінді талдау. (әдебиет, 6-сынып)
  • Доли Обыкновенные дроби
  • Поисковые системы Поиск информации в интернете
  • Глобальная компьютерная сеть
  • Кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде
  • Қысым
  • Физика майталмандары«
  • Есен Тұрлы Ерменбет
  • Жедел химиялық жәрдем
  • Ауаның температурасы
  • АҚШ тың экономикалық аудандары
  • Солтүстік Америка материгі
  • My flat
  • Pets
  • Pets and animals
  • Қорытынды қайталау
  • Дыбыс және әріп
  • Баубек Бұлқышев Ана
  • Пифагор теоремасы
  • Ондық бөлшектерді қосу
  • Жай бөлшектерге есептер шығару
  • Қызықты математика елінде
  • Энциклопедия топтамаға қабылданғандар тізімі
  • Біз достықты жырлаймыз
  • Достық қымбат өмірде
  • Бекіту сабағы
  • Бір күнде екі жерде болған семинар
  • Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім
  • Жалаң және жайылма сөйлем
  • Әзиза Нұрмаханова Шығыс шынары
  • Менің сүйікті мысығым
  • Қыстап қалған құстар
  • Дәрілік өсімдіктер
  • Жедел химиялық жәрдем
  • Pets and animals”
  • Pets and animals
  • Стихотворение Сергея Есенина Письмо матери
  • Причастный оборотИ.К.Айвазовский «Девятый вал
  • Обстоятельство. Виды обстоятельств
  • Гимн силе воли и мужеству в повести В.Г.Короленко Слепой музыкант
  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазу сауаттылығын арттыруға жаңаша көзқарас
  • Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма
  • Бұлшықеттер түрлері олардың құрылысы маңызы
  • Биология әлеміне саяхат
  • Көңілді информатика
  • Компьютерлік желілер

ИНТЕРНЕТ ТВ

Сабақ іздеу

Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, "Поиск" формасына сөз жазып іздеу керек.

Cабақ жариялау үшін

Сабақтарды жариялау ақысыз. Сабақтарды 45minutkz@mail.ru жіберу керек немесе Нұсқаулық

Сертификат тапсырыс

Сертификат тапсырыс туралы толық ақпарат: Тапсырыс парағы

Жазылу – 2013 – Подписка

«Республикалық 45minut.kz газетіне» «КазПочта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жазылуға болады.
ИНДЕКС: 64470 немесе Акция - 2013

Сайт қызметі

  • Кіру

  • Құпия сөзіңізді жоғалттыңыз ба?

Басылым қызметтері

  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • АКЦИЯ-2013
  • «Мектептегі бір мезет» бәйгесі
  • «Арманы асқақ оқушы» байқауы
  • «Интернет сұхбат»
  • «Семинар оқулар»
  • «Топтамалар»
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • Ақылы жарнама
  • Жеке хабарландырулар

Маңызды ақпарат

1. Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) жауапкершілігі тең
2. Батыр Маханбетажиев: Енді интернетте әркім өз сөзіне жауап береді
3. Кәмшат ТАСБОЛАТ. Интернет-ресурстар БАҚ-қа теңестірілді

RSS Ақылы жарнама

  • «Балдәурен балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметшінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды
  • Бос жұмыс орындарына конкурс
  • «Алтын ұя балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Бөбек балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Балдырған балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Жаңалықтарға жазылу

E-mail жазыңыз:

FeedBurner қызметі негізінде

Ссылки

  • Білім беру мониторингі
  • Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
  • Физика мұғалімдерінің сайты
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
  • ҚР Бiлiм және ғылым министрi блогы
  • Ұлттық тестілеу орталығы

RSS www.edu.gov.kz

  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • (copy 1)
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған

RSS Национальный центр тестирования

  • Обучающий семинар для разработчиков и экспертов тестовых заданий
  • Статистические данные о предстоящем едином национальном тестировании 2013 года
  • Эксперты КАЗТЕСТ провели семинар-совещание для преподавателей и методистов казахского языка
  • Государственные и гражданские служащие Актюбинской области сдали тестирование на определение уровня владения государственным языком
  • Завершение приема заявлений на участие в едином национальном тестировании 2013 года
  • Внешняя оценка учебных достижений в организациях общего среднего образования и в экспериментальных школах по 12-летнему образованию
  • Проведено тестирование по системе КАЗТЕСТ среди государственных служащих города Атырау и районов Атырауской области
free counters

Мұрағат – Архив

Мамыр (2013)
Д С С Б Ж С Ж
« Сәу    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Яндекс.Метрика
14.10.2011

«Доссыз өмір бос» тәрбие сағаты

salima

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№3 мектеп лицей мұғалімі
Абдрасилова Салима Мүсілімқызы

«Доссыз өмір бос»

Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу
Сабақтың әдісі: тренинг  Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың мазмұны:

Жүргізуші: Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін жас ұрпақ арасында «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».
Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Назгүл: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Феруза:Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Абылай: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)

Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі !Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл – өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», – демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
2-көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у

Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштырының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» – деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3-көрініс
2-ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң…
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты…»
Бәрі шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», – деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у

Айдос: Достық – әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» – деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Абылай: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Мөлдір: Ал меніңше Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен»,- деген нақылды білмеген үлкен қателік.
Анаргүл: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық.
Фариза: Халықта: «Досыңнан тап!» – деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», – деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», – дейді. Жан-Жак руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», – дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», – деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.
4-көрініс:
Ұл мен қыз дос еді. Бір күні екеуі келіспей қалды. Ұл өзінің досына көңілін айтып келді.
Ілияс:Таңат, досым болған соң келдім. Мен жүріп жүрген қызыммен келіспей қалдым. Ақыл айтшы, енді мен не істеймін?
Әділхан:Қиналма, кеткен қыз өзі келеді. Нағыз болмаса қыз көп емес пе?
Ілияс:Мен оны жақсы көремін ғой. Одан басқа қыздың қажеті жоқ.
Әділхан:Ақыл айтайын ба? Анаше шек. Мен де шегіп жүрмін. Кайф. Бәрін де ұмытасың. Мә!
Екеуі шегеді. Ыржалақтап шығып кетеді. Бір аптадан соң Ілияс «Ақша! Ақша керек!» деп ұрлық жасап жүр.
Жүргізуші: Ілиястың досының ісі достық па? Оның орнында сен болсаң не істер едің? Қандай ақыл айтар едің?
Т а л д а у

Жүргізуші: «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы». Ал енді бір көрініске назар аударалық.
5-көрініс:
Екі достың мектеп бітіргендеріне де бір жыл болыпты. Көптен кездескен жоқ еді. Екеуі кездескенін арақпен жуып, арты екеуінің төбелесіне айналды.
Жүргізуші: Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» Достарымызды ұмытпайық достар.

Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.

Интернетке хабарлау:

In My World
Share to FB
Tweet

Filed under: Өзін-өзі тану пәні



One Response to “«Доссыз өмір бос» тәрбие сағаты”

  1. атик Says:
    Қараша 13th, 2011 at 00:06

    мен тәрбие сағатын өткізем сізге өте көп рахмет

Сабақ, мақала туралы пікір жазып, ойыңызды жазыңыз:

© 2013 www.45minut.kz | Template by DemusDesign | WordPress by Free WordPress Themes