Сайтқа сабақ жіберу үшін: 45minutkz@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 777 087 6843. 8 775 730 7965 (Редакция)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 аралығында хабарласуынызға болады.

  • Cертификат Тапсырыс
  • АКЦИЯ-2013
  • Электронды нұсқа (PDF)
  • Cайт ережесі
  • Сайтпен жұмыс істеу нұсқаулығы
  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • RSS
   Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, төмендегі іздеу формасына сөз жазып іздеу керек:

БАҚ өкілі – Методист

2013 жылға Республикалық басылымға жұмысқа шақырамыз:
БАҚ өкілі – Методист - Тілші

Cабақтар тізімі

  • "Арманы асқақ оқушы" байқауы
  • "Интернет сұхбат"
  • "Мектептегі бір мезет" бәйгесі
  • "Семинар оқулар"
  • "Топтамалар"
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған
  • Авторлық бағдарлама
  • Адам және қоғам
  • Адам. Қоғам. Құқық
  • Алгебра
  • Алтын күз
  • Алғашқы қоңырау
  • Арнаулы пәндер
  • Ас мәзірі
  • Астана
  • Аттестатталу материалдары
  • Ашық сабақтар
  • Ағылшын тілі
  • Ақпараттық мәдениет негiздерi
  • Ақша Несие Банктер
  • Ақылы жарнама
  • Білім беру саласы
  • Бастауыш сынып
  • Баяндамалар
  • БАҚ өкілі-Тілшілер
  • Бейнелеу
  • Биология
  • Бәйге – Конкурс
  • География
  • Геодезия
  • Геометрия
  • Дене тәрбиесі
  • Дүние жүзі тарихы
  • Дүниетану
  • Емтихан билеттері
  • Емтиханға арналған тест сұрақтары
  • Ертегілер
  • Жаратылыстану
  • Жаңа жылдық қойылым
  • Жаңа сабақтар
  • Жаңалықтар
  • Жеке хабарландырулар
  • Жол ережесі
  • Жылдық сабақ жоспары
  • Жылдық сабақ жоспары Информатика
  • Зерттеу жұмыстары
  • Интернет сұхбат
  • Информатика
  • КВН
  • Математика
  • Мақал- мәтелдер
  • Мақала
  • Мектеп балабакшасы
  • Мектеп Газеті
  • мектепке даярлық тобы
  • Мектепке дейінгі ұйым
  • Мектептен тыс үйірмелер
  • Менің Елбасым
  • Менің Қазақстаным
  • Мерекелік қойылым
  • Музыка
  • Мұнай және газ шыңырауларын пайдалану
  • Наурыз мерекесі
  • Неміс тілі
  • несие
  • Очерк
  • Оқушылар шығармашылығы
  • Пайдалы кеңестер
  • Педагогика
  • Психология
  • Реферат
  • Русский язык и литература
  • Сайыс сабақ
  • Салықты жоспарлау
  • Сауат ашу
  • Соңғы қоңырау мерекелік кешінің сценарийі
  • Сызу және бейнелеу пәні
  • Сыныптан тыс жұмыстар
  • Тіл дамыту
  • Тарих пәні
  • Тақырыптық жоспар
  • Тест сұрақтары
  • Тест сұрақтары. Биология
  • Технология
  • Токарь (қырнаушы) мамандығы бойынша өңдірістік оқыту
  • Тренинг сабақ
  • Түсінік хат
  • Тәрбие сағаттары
  • Физика
  • Физиология
  • Филология (тілдер)
  • Хабарландыру
  • Химия
  • Химиядан конференция сабақ
  • Экономика
  • электр
  • Электротехника
  • Эссе
  • Ғылыми жобалар
  • Қазақ тілі
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Қоғамтану негіздері
  • Қыздар жиналысы
  • Құттықтаулар
  • Құқықтану
  • ҰБТ
  • Әдеби сазды кеш
  • Әліппемен қоштасу
  • Әскери дайындық
  • Әңгіме
  • Өзін-өзі тану пәні
  • Өзіндік білім көтеру жоспары
  • Өлеңдер
  • Өлкетану
  • Өндірістік оқу шебері

Соңғы қосылған сабақтар тізімі

  • Химия, экология және денсаулық
  • Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы
  • Органикалық химияны дамытудағы отандық ғалымдардың қосқан үлестері
  • Тұрмыста қолданылатын химиялық заттар.
  • Витаминдер.
  • Тағам құрамындағы органикалық заттар
  • Биологиялық маңызды органикалық қосылыстар
  • Синтезідік көксағыз (каучук)
  • Синтездік талшықтар. Лабораториялық тәжірибе №19 «Синтездік талшықтардың қышқыл мен сілті ерітінділеріне қатынасы
  • Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар
  • Нуклеин қышқылдары
  • Нәруыздар
  • ЖМҚ туралы жалпы түсінік
  • Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар
  • Амин қышқылдары
  • Азотты органикалық қосылыстар
  • Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
  • Целлюлоза
  • Крахмал
  • Дисахаридтер.
  • Көмірсулар. Глюкоза. Лабораториялық жұмыс №11 Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу
  • Майлар. Лабораториялық тәжірибе Майлардың қасиеттері
  • Күрделі эфирлер
  • Карбон қышқылдары
  • ҚАЗАҚСТАНДА МЕКЕНДЕЙТІН СҮТҚОРЕКТІЛЕР
  • Қой шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі саласы
  • Түйе – төрт түліктің төресі
  • Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
  • Альдегидтер мен кетондар
  • Фенолдар
  • Көп атомды спирттер
  • Қаныққан бір атомды спирттер және жай эфирлер
  • Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы
  • Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері
  • Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесінің маңызы
  • Қорытындылау
  • 1,3.1,4. Химиялық элементтердің атом құрылысы.Атомдағы электронның күйі.Энергетикалық деңгейлер бойынша электрондардың таралуы
  • Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы,периодтық жүйенің құрылысы
  • Е дыбысы мен әрпі
  • 14 саны және цифры
  • Жұрнақ пен Жалғау
  • Дауыссыз Л мен Р
  • Мәңгі жасар өмір
  • Сын есім
  • Жемістер
  • Ауладағы құстар
  • Менің жанұям
  • Наурыз-біздің мерекеміз
  • Ағзадағы қан айналымы.Жүректің құрылысы
  • Генетика және эволюциялық теория
  • Қанатты достар
  • Табиғатты қалай қорғау керек
  • Sport
  • Dangerous jobs
  • Внеклассное мероприятие для учащихся 3 классов в рамках отчетной программы по английскому языку
  • Республикалық семинар видеосы
  • К дыбысы және әріпі
  • Аттандық бала шақтан болашаққа
  • Алтын күз мерекесінің сценарийі
  • Спорттық сайыс мерекесі
  • Арайлы алтын күз
  • Біз мектепке барамыз
  • Трансформатор
  • Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние
  • Үздік информатикалық сынып
  • ASCII коды
  • Қазақстан астаналары
  • Мамандық-жетістік мерейі
  • Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
  • Мир Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
  • Ілияс Жансүгіров Ана тілі Домбыра Күйге өлеңдерін оқыту
  • Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары
  • ХХІ ғасыр көшбасшысы
  • 30. Империя дәуіріндегі Рим
  • Адам генетикасы
  • Арал өңірі экологиялық жағдайында ашық жердегі қияр көк түинегінің өнімділігіне және өнімнің түсу кезеңінің ұзақтығына егу мерзімдерінің әсерін зертеу және бөлмеде қияр өсіру
  • Строение атома. Физические и химические свойства
  • Живые организмы
  • Диен көмірсутектері
  • Қош келдің әз Наурыз атты театрленген көрінісі
  • Химия оқытуда халықтық педагогика дәстүрлерін пайдалану 34 сабақ
  • Кім боламын
  • Билайн орталығында сюжетті-рөлдік ойыны
  • Қош келдің, Әз Наурыз
  • Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
  • Қалқанша бездің құрлысы мен қызметі
  • Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы
  • Сумоншақпен жұмыс жасау
  • Пейзаж-табиғатты бейнелеу
  • Внеклассное мероприятие по физике математика инфарматика для 8-10 классов
  • ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
  • Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары
  • Феодалдық тұрмыстың ерекшеліктері
  • Булану және конденсация
  • Жолың болсын балдырған
  • Табиғатым байлығым
  • Күзгі жапырақтар
  • Қосмекенділер және жорғалаушылар
  • y=k/x функциясы және оның графигі
  • Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

ИНТЕРНЕТ ТВ

Сабақ іздеу

Cайт ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, "Поиск" формасына сөз жазып іздеу керек.

Cабақ жариялау үшін

Сабақтарды жариялау ақысыз. Сабақтарды 45minutkz@mail.ru жіберу керек немесе Нұсқаулық

Сертификат тапсырыс

Сертификат тапсырыс туралы толық ақпарат: Тапсырыс парағы

Жазылу – 2013 – Подписка

«Республикалық 45minut.kz газетіне» «КазПочта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жазылуға болады.
ИНДЕКС: 64470 немесе Акция - 2013

Сайт қызметі

  • Кіру

  • Құпия сөзіңізді жоғалттыңыз ба?

Басылым қызметтері

  • БАҚ өкілі – 2013 жыл
  • АКЦИЯ-2013
  • «Мектептегі бір мезет» бәйгесі
  • «Арманы асқақ оқушы» байқауы
  • «Интернет сұхбат»
  • «Семинар оқулар»
  • «Топтамалар»
  • 45minut.kz – Электронды нұсқа
  • Ақылы жарнама
  • Жеке хабарландырулар

Маңызды ақпарат

1. Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) жауапкершілігі тең
2. Батыр Маханбетажиев: Енді интернетте әркім өз сөзіне жауап береді
3. Кәмшат ТАСБОЛАТ. Интернет-ресурстар БАҚ-қа теңестірілді

RSS Ақылы жарнама

  • «Балдәурен балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметшінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды
  • Бос жұмыс орындарына конкурс
  • «Алтын ұя балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Бөбек балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
  • «Балдырған балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Жаңалықтарға жазылу

E-mail жазыңыз:

FeedBurner қызметі негізінде

Ссылки

  • Білім беру мониторингі
  • Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
  • Физика мұғалімдерінің сайты
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
  • ҚР Бiлiм және ғылым министрi блогы
  • Ұлттық тестілеу орталығы

RSS www.edu.gov.kz

  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған
  • Аталмаған

RSS Национальный центр тестирования

  • Обучающий семинар для разработчиков и экспертов тестовых заданий
  • Статистические данные о предстоящем едином национальном тестировании 2013 года
  • Эксперты КАЗТЕСТ провели семинар-совещание для преподавателей и методистов казахского языка
  • Государственные и гражданские служащие Актюбинской области сдали тестирование на определение уровня владения государственным языком
  • Завершение приема заявлений на участие в едином национальном тестировании 2013 года
  • Внешняя оценка учебных достижений в организациях общего среднего образования и в экспериментальных школах по 12-летнему образованию
  • Проведено тестирование по системе КАЗТЕСТ среди государственных служащих города Атырау и районов Атырауской области
free counters

Мұрағат – Архив

Мамыр (2013)
Д С С Б Ж С Ж
« Сәу    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Яндекс.Метрика
14.03.2012

Білім сапасын арттыруда жаңа технологияның маңызы. Презентация

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
№9 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Нысанова Жанар

 1.Кіріспе

     Білім беру реформасы табысының басты критериесі болып,
 біздің мемлекетіміздің әр азаматы, арнайы білім және біліктілік алып,
әлемнің әр мемлекетінде қажетті маман бола алуы болып табылады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған
педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.

Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйе құрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.

Жеке баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада оқушы жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.

Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.

I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:

- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;

- сынып оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;

- әр түрлі жастағы балалардың оқу – пән ортасында қолданылатын технологияларды зерттеу.

II. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Тәжірибелі зерттеудің барысында оқу – пән ортасының тиімділігін анықтау.

III. Зерттеудің әдісі:

Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері.

IV. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:

Оқу – пән ортасында субъекттің әрекетін ұйымдастыру технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезеңдермен беріледі: дайындық, репродуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы ретіндегі оқу – пән ортасы, ол баланы шығармашыл әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциалын дамытады.

V. Зерттеудің негізі:

 

-         жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;

-          жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір – бірімен байланысты және бір – бірімен келіскен  бүтін жүйені құрастыратын диалектикалы жинақты қарастырады;

әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады.

2. Негізгі бөлім

Еліміздің білім берудің дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең.Дарынымен ерекшеленіп балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігін оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек.Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды дамыту мен қолдану – дербес компьютерлер мен телебайланыс жүйелерінің мүмкіндігімен байланысты. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар жетерліктей.Оларды пайдалану барысында адам,оның өмір құқымен бостандығын-ең жоғары құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы-Қазақстан Республикасын басшылыққа алу керек.Бұл білім берудің жаңартудың негізгі қағидаларын Білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды.Мұғалім дайын ақиқат,түйін,ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен»,ойлау мен сөйлеу негіздеріне мүмкіндік бермей,шығармашылық,арман,қиял қанатын байлап қояды.Көптеген жағдайда  бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген,санасына ерекше әсер етпеген түрінде,жаттап алуына тура келеді.Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай,жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. «Баланы білім,ақиқат ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін,оны ойлауға үйрету керек» делінген (В.А.Сухомлинский).Сабақта жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады.Қазіргі заманда мектеп бала үшін қызмет ету керек,ол білімді өмірде қолдана білетін,көпшілікпен араласа алатын,ішкі мәдениеті,ойлау мен сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.  Мақсаты – оқушының барынша көп білуі емес,оның өзіне қажетті білімді өзі біліп,іздеп табуға үйренуі,оқу,кәсіптік,тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Осы технологияларды оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жетілдірілген педагогикалық жобасы ретінде қолданатын болсақ:

-         Білім сапасын арттыруға;

-         Оқу мақсатын иеархиялық түрде дәл анықтауға;

-         Оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формулаларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үрдісінде тиімді пайдалануға;

-         Білім сапасын көтеруге;

-         Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетін оқушының өзін-өзі тексеріп,түзетуге бақылау ретингісі жүйесімен бағалануға сол арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына;

-         Оған сәйкес жеке тұлға өз бетімен дамуын қадағалайтын моноторингісін құруына;

-         Педагогикалық технологияларды өз жұмысына пайдалану үшін ғылыми әдістемелік,ғылыми ізденіс жұмыстарына ынталандырып,шығармашылыққа тартуға болатындығын мектептерде өтіп жатқан тәжірибе жұмыстарында анықталды.

Мұнда академик В.П. Беспалконың кез келген мазмұнды меңгеру үшін оған төрт меңгеру деңгейлерінің шағын мақсаттары арқылы жетуге болатындығы көрсетілген. Мұнда жаңа тақырыпты меңгеру үш кезең арқылы ұйымдастырылған:

Әр кезеңнің мақсаты «шағын мақсат», оның нәтижесі «аралық нәтиже»-деп қарастырылады.Тақырыпты меңгеру оқу бағдарламасына,мазмұнының көлеміне сәйкес бір немессе бірнеше сағатқа жоспарлану мүмкін.Соңғы жағдайда да үш кезеңдік тәртіп сақталады; әр келесі сабақта тақырыптың кезектегі кезеңі жалғастырылып өтіледі.

Міндетті түрде әр шағын мақсаттардың аралық нәтижелері нақты алынуы керек және олардың әрқайсысына  келесі шағын мақсат негізделіп құруы шарт.Ал,Америкадағы ғалым Б.Блум мұндай шағын мақсаттардың алтауын атайды. «таксаномия целый», немесе «иерархия целый». Айталық кез-келген тақырыпты оқытудың мақсаты-оны толық,тіпті шығармашылық деңгейге дейін,меңгертуді көздейтін болса-онда түбегейлі нәтижеге жету алты шағын мақсаттар(аралық нәтижелер тізбегі) арқылы жүзеге аспақ:

  1. 1.     «Танып – білу»= нәтиже 1
  2. 2.     «Түсіну»-  = нәтиже 2
  3. 3.      «Қолдану» = нәтиже 3
  4. 4.     « Анализ талдау» = нәтиже 4
  5. 5.     « Синтез жинақтау» = нәтиже 5
  6. 6.     « Отценивание ( ) тақырыптың мазмұнына баға беру» = нәтиже

Сонда тақырыпты меңгерудің жалпы мақсаттарының түбегейлі нәтижесі 6 нәтиже арқылы жүзеге асады.Біз өзіміздің ғылыми ізденісіміздің нәтижесінде Б.Блумның 6 шағын мақсатын жоғарыда аталған В.П.Беспалконың 4 деңгейлік тапсырмалар арқылы қалай жүзеге асыруға болатындығын көрсеткіміз келеді.В.П.Беспалконың әр тақырып бойынша құралған:бірінші деңгей тапсырмаларын орындау барысында,Б.Блумның «танып білу» мен үлгі бойынша «қолдануы»; Екінші деңгей тапсырмаларына- «Түсіну» мен өзгертілген жағдайда «Қолдануы». Ал,үшінші деңгей тапсырмаларына «Анализ», «Синтез», «Баға беру»; шағын мақсаттарында сәйкес тапсырмалар беріледі. 4-деңгей тапсырмалары зерттеушілік әдіспен (Алғашқы синтез-Анализ Салыстыру-Бастысын бөліп шығару-соңғы синтез) орындалып,тақырыбы тыңнан беріліп,шығармашылық істі қажет ететін болғандықтан Б.Блумның шағын мақсаттарының барлығы ( алтауыда қолданылады).

Деңгейлеп саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын,қажеттіліктерін,жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде қалыптасатын дәлелді оқыту сапасын арттыруға,оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады.

 

Осы ізденісімнің нәтижесінде,Б.Блуммның 6 шағын мақсаты технологиясын пайдаланып 10 сыныпта өткізген ашық сабағымды ұсынғым келеді:

 

Сабақтың тақырыбы:       Экрандық интерфейіс және Power Point

Сабақтың мақсаты:

  1. 1.     Білімділік мақсаты:   Power Point программасымен жұмыс істеуді

                                         үйрету.

  1. 2.     Тәрбиелік мақсаты:   Оқушылардың өзбетімен ізденуге, алған  

                                        білімдерін  қолдана білуге дағдыландыру.

  1. 3.     Дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақтың жоспары:Оқыту формасы

Блумм жүйесі:

1.Білім (дағдысы бойынша).Үй тапсырмаларын пысықтау,ой қозғау әдісі
2.Түсіну (дағдысы бойынша). Жаңа білімді игеру.
Power Point программасына түсініктеме беру.
3.Қолдану (дағдысы бойынша) Әрбір оқушыға жеке тапсырмалар беру. 
                                                          4.Жинақтау (дағдысы бойынша)..  Слайдқа жарнама дайындау

5.Талдау (дағдысы бойынша). Электронды оқулықпен жұмыс

 6.Баға (сын дағдысы бойынша). Тақырыпты меңгерту сұрақтары.Тест
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау.

Үй тапсырмасын сұрау: Бақылау сұрақтары.

I. Ой қозғау.

1.Слайд туралы не білеміз.

I. Ой қозғау.

1.Слайд туралы не білеміз.

Слайдқа бейнесі бар файлды ендіру

Басу                   Әрбір оқушыға жеке тапсырмалар беру. 

 

Графикалық файлдар                                                       Құру

 

Сақтау

 

 

Демонстрациялау                                   Ашу

II.  2.Түсіну (дағдысы бойынша). Жаңа білімді игеру. Power Point программасына түсініктеме беру.
3.Қолдану (дағдысы бойынша) Әрбір оқушыға жеке тапсырмалар беру.

№1  Тапсырма

1.    Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

2.    Формат фона менюі пунктін таңдаңыз.

3.     Рисунок или Текстура образца пунктінде жалаушаны  алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.Түс таңда.

№2 Тапсырма

1.   Вставка командасын  таңдаңыз.

2.    Рисунок жапсырмасын тандаңыз.

3.   Өзің қалаған суретті слайдқа орналастыр

№3 тапсырма

1.Слайдқа Word Art қосымшасында тақырыптар жаз.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл.

                 №4 тапсырма

1.Слайдқа  Вставка менюі арқылы,Фигуры командасын таңдап, Жұлдыз түріндегі фигураларды орналастыр.

(бесбұрыш,алтыбұрыш,көпбұрыш)

2.Осы бұрыштардың тұсына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп,Формат фигуры командасын таңдап,фигураларға Сплошная заливка командасынан әр түрлі фон бер.

                    

4.Жинақтау (дағдысы бойынша)..  Слайдқа жарнама дайындау

 

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

 

5.Талдау (дағдысы бойынша). Электронды оқулықпен жұмыс

 

6.Баға (сын дағдысы бойынша). Тақырыпты меңгерту сұрақтары:


     1.Презентация деген не?

2.Жұмыс аймағы неден тұрады?

3.Слайдтарға сурет , диаграмма кірістіру қандай әрекеттермен

орындалады?

 

7. Үйге тапсырма. Шығармашылық тапсырма
  Тақырыптары:

 

  1. 1.     Астана-бас қала.
  2. 2.     Атырау-туған өлкем.
  3. 3.     Табиғатты қорғау міндетіміз!
  4. 4.     .Бағалау.Бағалау парақтары

“ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін,білім беру саласында компьютерлік техниканы,интернет, телекоммуникациялық желі,электрондық құралдарды және мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеретін ұрпақ тәрбиелеу”.   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Ол ұстаз алдына зор міндет жүктейді, яғни мұғалім  бала жанына терең бойлап, оның ынта қабілетін оята біліп, жан-жақты ашып,әр оқушыны жеке тұлға ретінде шығар биігіне жетелей біліп, ғылыми  негізінде өз бетінше  жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, қабілетіне қарай  шығармашылық жұмыспен шұғылдануына дайындайды, даралық білімділігімен қабілетін қалыптастырады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді

Ұстаздық тәжірибемде алға қойған мақсатым – оқушыларды білім негізімен, іскерлікпен дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше тұжырым, қорытындыға келуге, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің шығармашылығындағы ерекшелігі – оның  сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Күнделікті сабақ ыңғайына  қарай түрлендіріліп өткізілсе бұл оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Ұстаздық міндетімді атқарып, шәкірттеріме сапалы  білім мен жақсы тәрбие беруді басты мақсатым деп санаймын.  Сол жолда көп ізденіп, озат тәжірибелі ұстаздардан өзіме үлгі өнеге алып, әлі де үйреніп, тәжірибе жинақтап келемін.  Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі білім берудің жаңа жүйесі оқу үрдісінде мультимедиалық  оқу-әдістемелік кешендерді

қолдану.

Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 «Білім сапасын арттырудағы жаңа ақпараттық технологиялардың

                                          маңызы»

Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым шәкірттерді белсенділікке, өз бетімен білім алуға үйретуге, оқу процесінде жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушылардың теориялық білімін жан – жақты  дамыту, шәкірттерді ынталандыру негізінде ойлау қабілетінің ұшқырлығын дамыту Қоғамның қарқынды дамуының бірден-бір жолы-оқу процесін ақпараттандыру болып табылады.Мұғалімнің ролі негізінен  оқушыларға тиісті білім беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы шама шарқынша компьютерді пайдаланып, білгенін дамыта түседі. Осылайша білім  берудің ұжымдық түрін сақтай отырып даралап оқытуды да күшейте түсуге,сөйтіп оқушылардың білім сапасын жақсартуға болады.  Мектепке компьютерлік техниканың енуіне қарай мұғалімнің рөлі де барынша арта түседі. Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, оларды еңбектенуге, ізденуге баулитын сабақтардың берері көп.  Қазіргі кезде жаңа технология негізінде ойын технологиясын пайдалану оқытуда жүктелетін міндеттер оқушының пәнге қызығушылығын, айтып болжау қабілетін дамытады.Қазіргі кезде мектеп пәндерін оның ішінде информатиканы оқытудың бүкіл әдістемелік жүйесі жаңару үстінде. Соған орай әдістемелік жүйенің  бір құрамдас бөлігі-оқытудың формасын жетілдіру мәселесіне тоқталғым келеді. Жалпы сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Әр пәннің мазмұнына білімдік, тәрбиелік және балалардың ой-өрісін дамыту кіреді.Қазіргі мектептерде өзінің жұмысын жаңашыл тұрғыда жасап,тек ақпарат беру көзі болып қана қалмай, оқу процесін ұйымдастыруды толықтай өз мойынына  алып және шығармашылық жолында өзінің жеке идеяларын ұстана алатын   жаңашыл мұғалімге деген қажеттілік туындады.

Компьютермен оқыту әдісін қолдану – оқытудың барлық  түрлерін интеграциялай отырып оқушылардың ақпараттық  қоғамда өмір сүруіне дайындық жасайды. Информатиканы оқыту  әртүрлі саладағы ғылыми білімдерге сүйенетіндіктен, тек қана информатика пәні мұғалімдерінің  ғана емес  басқа пән мұғалімдерінің  де компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуға деген жауапкершіліктері артуы керек. Білім беру кеңістігін интеграциялау  үшін, жаңашылдыққа үйренуге мүмкіндік болуы үшін, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын  пайдалану аясында  оқытудың жаңа түрі-интерактивтік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Оқыту тәсілдері мен технологиясы:

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады.

Мазмұндық жағына – мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық материалдарды күрделендіру және т.б.

Процесуалдық жағына – бағдарламалау тәсілдері, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.

Мотивациялық – оқу барысында оқушының белсенділігін қамтамасыз ету тәсілдері, танымдық қызығушылықты қалыптастыру т.б.

Ұйымдастыру – мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, оқу пәнін жете меңгеруі.

Осы тәсілдердің бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту тәсілі: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық, проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.Осы тәсілді қолдаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. Ойындар мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқыту сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

§ Пән бойынша базалық білімді меңгері;

§ Алған білімді жүйелеу;

§ Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

§ Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.Бұл технологияны оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

2.   «Жаңа буынға – жаңа технология»

Қазіргі замандағы Интернет  технологиялар

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.  Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.Интернет−дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы,ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі.Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып,ауа райы туралы мәлімет алуға,қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге,аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға,бейнеконференциялар өткізуге және тағыда басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда,білім беру мекемелері,мемлекеттік,мемлекеттік ұйымдар,коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда,физикалық желінің өзін емес,Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес,сонымен қатар байланыс спутниктері,радиосигналдар,кабельдік теледидар,телефон,ұялы байланыс,арнайы оптикалық−талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.Соңғы кезде Internet желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып,планетамыздың кез−келген нүктесін бір−бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Internet желісін пайдаланушылар санының өсіп кетуі де бекер емес.Информатика пәнін оқытуда кез−келген сабақ оқу үрдісінің бір бөлігі,сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда  нақтылықтың  критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде оқуға ынталықты,оған оң көзқарасты,айналадағы ортаның  құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру керек.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,үлкен ісденіспен,шығармашылыққа жетелеуге де болады.Нәтижесінде оқушы:

−Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

−Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

−Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

Жеке компьютерлерді  және оларды пайдаланушыларды идентификациялау екі адрес бойынша іске асырылады: олардың түрі( домендік адрес) адамға басқасы

(IP−адрес) −компьютерлерге,мысалы,www.algokom.kz. адресі бойынша(www−ресурс аты −World Wide Web,algokom −фирма аты, kz−Қазақстан) Relkom желісінің  Web серверіне шығуға болады. Пайдаланушыға түсініксіз болғанымен,дәл осы адрес компьютермен оқылады. Internet арқылы біз қажетті деректерді ала отырып, сабақ өту барысында және оқушылардың жан−жақты жаңалықтармен таныс болуына қол жеткіземіз.

Бүгінгі  күні  Қызылқоға ауданындағы №9 орта мектебімізде Интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідідегі жабдықталған мультимедиа- лингофон кабинеті,  4 интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда. Атап айтсақ, физика, химия,  және биология пәндері кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған.  Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез –келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз. Тек қана информатик ұстаздар ғана біліп қоймай басқа да пән мұғалімдерін ақпараттық технологияны сапалы қолдану, компьютерді пайдалану әдістерін игеруі тиіс.

Қазіргі замандағы −Интернет технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық –коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Интернет технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Қазіргі замандағы Интернет технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

-                               үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

-                               оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

-                               қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

 

Мұғалімнің Интернетті пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында Интернетті пайдалану дағдысына әсер ету жолымен мүмкін болуы мүмкін.

Интернетті пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы Интернетті пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері  Интернет болып табылады.Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдеріне ақпараттық технологияны өз еркіне пайдалану, ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында  әр каникул кезінде компьютерден білімдерін толықтырып отырамыз. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі мұғалімдері мультимедиа-лингофон кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды. Осы  тақырыпта өткізген ашық сабағым мына түрде болды.

Сабақтың тақырыбы:   Интернет жүйесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:     Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету, компьютерді оқу процессінде де, кәсіби қызметте де ұтымды пайдалану. Оқушыларға жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте  Интернетте жүмыс істеуге үйрету

ә) тәрбиелігі:    Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру. Оқушылардың білімге, ізденуге деген ынтасын тудыру.

б) дамытушылығы:  Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру, оқушыларға ақпараттық процестердің мәнін ашып көрсету;

Білім мен біліктіліке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

-                               Интернет туралы жалпы түсінік;

-                               Интернет желісіне қосылуды;

-                               Модеммен жұмыс істеуді;

-                               Интернеттің мүмкіндіктерін және түрлнрін;

          Оқушылар үйренуі тиіс:

-Браузер туралы жалпы түсінікті;

-Интернетте ақпаратты іздеуді;

Қортынды бөлім:

Қорыта айтқанда әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету,өзін-өзі тәрбиелеуге,дамытуға,шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда білім беру кеңістігін интеграциялау  үшін, жаңашылдыққа үйренуге мүмкіндік болуы үшін, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын  пайдалану аясында  оқытудың жаңа түрі-интерактивтік оқыту технологиясын қолданудың маңызы зор.

Осындай мақсатта өткізілген бірнеше ашық сабақтарым, тәрбиелік шараларымды да айтуға болады. Мысалға, сыныптан тыс шара «2010 жыл -Информатигі», «Информатика сыр шертеді», «Кім білімді, кім күшті, кім жылдам», «Миллион кімге бұйырады», «Паскаль тіліне саяхат», ашық сабақтарым «Дербес компьютер», «Microsoft Word мәтіндік редакторы», «Power Point және экрандық интерфейс», «Интернет жүйесі». Осындай мағыналы да үйретері  мол сабақтар мен шаралардың нәтижесінде оқушыларымның белсенділігі мен білім сапасы артты, оқушыларым ерекше біліктілігіменен көзге түсті. Айталық, 2008 жыл –Информатигі сайысында 9 б сынып оқушысы Байдуллин Райымбек І-ші орынды иеленсе, «Көңілді информатиктер» сайысында «Процессор» тобы   І-ші орын  иеленді. 2008—2009 оқы жылында мектепішілік пәндік олимпиада да  8 б  сыныбындағы Ерболатова Айзада жүлделі І-ші орынды иеленсе, аудандық пәндік олимпиадада Ерболатова Айзада ІІ-ші орын иеленді, 2011-2012 оқу жылында  10 в сынып оқушысы Матжанова Айжан  мектепішілік пәндік олимпиада І-орын алса, аудандық пәндік олимпиададан «Алғыс хат» -қа ие болды.  Оқушылардың білімін арттыру мақсатында,практикалық сабақтар кезінде қолданылатын «Электрондық басылымның қазіргі жағдайы», «Тесттер жинағы» 7-11 сыныптар үшін, «Есептер жинағы», кітапшаларым шығарылып,қазіргі таңда сабақ өткізу кезінде қолданылып жүрмін.Газет беттеріне жарияланған мақалаларымда бар; «Қазіргі заманғы-Интернет технологилар», «Білім саласындағы жаңа технологиялар» Сонымен қатар өз жетістігіме тоқталатын болсам: Аудандық «Информатика пәні бойынша бағдарлама жасау  сайысында 2010 жылы ІІ-ші орынды иелендім.

Аудандық панорамалық сабақтар сайысында «Жаңа ақпараттық технологияны енгізуші» номинациясы 2009 жылы берілді.Осындай нәтижелі еңбектерімді айта отырып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген яғни  біздің әр ісімізде, білім беру тәжірибемізде,  жетістігімізде екендігін баса айтқым келеді. Ендеше  жақсы істің бастауы жаңашылдықта егеменді еліміздің болып жатқан өзгерістері,  мектеп жұмыстарына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Ең бастысы ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Ақпараттық жүйеде білім беріп, интерактивтік тақтада жұмыс жасау басшылыққа алынып отыр. Олай болса, менде көп ізденіп, білім мен біліктілігімді жетілдіруді,  сөйтіп болашақ ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді  басты мақсатым деп санаймын.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Ұсынамын:

Осы жұмысымды негізге ала отырып мынадай ұсыныс жасағым келеді:

Жалпы білім беретін мектептерде қашықтықтан оқыту нысандары бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алуы керек. Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері,оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келетінін тәжірибелер дәлелдеп отыр. Интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін.

Қазіргі замандағы Интернет  технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.  Бұл оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Қазақстан Республикасының білім туралы заңы.

Астана,Ақорда, 27 шілде 2007 жыл.

2. В.П.Беспалько Педагогикалық технологиялар жиынтығы.

Педагогика,1998 жыл 96 бет

3.Ж.А.Қараев «Білім беру процесіндегі танымдық әрекеттің белсенділігі.

Алматы: Жазушы:2005 жыл 146 бет

 

1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.

п.ғ.к., ББЖКБАРИ

 

2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн

дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

 

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту

тұжырымдамасы

 

4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың

Мемлекеттiк бағдарламасы.

 

5. Журнал, «Информатика негіздері» №6 2009 ж

 

6. Журнал, //Информатика негіздері, №2, 2007ж.

 

7. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану.

 

8. Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар

для   учителей» М., 2004
Түйіндеме

Аты-жөні:  Нысанова Жанар Сатуқызы

 Жұмыс орны: Сағыз селосы №9 орта мектеп

 Қызметі:  Информатика пәні мұғалімі

 Мамандығы:  «Бакалавр академиялық дәрежесі және информатика бакалавры»

 Ғылыми дәрежесі,атағы:   -

 Санаты: 10 разряд

 Құрметті атақтары:  -

 Марапаттаулары: Аудандық «Информатика пәні бойынша

бағдарлама жасау  сайысында-ІІ орын.2010 ж

 Аудандық панорамалық сабақтар сайысында  «Жаңа ақпараттық технологияны енгізуші» номинациясы берілді. 2009 ж

Интернетке хабарлау:

In My World
Share to FB
Tweet

Filed under: Информатика



Сабақ, мақала туралы пікір жазып, ойыңызды жазыңыз:

© 2013 www.45minut.kz | Template by DemusDesign | WordPress by Free WordPress Themes